Аслан Ахмедов – «Ұлытау» ойыншысы!
«Ұлытау» футбол клубы қазақстандық қорғаушы Аслан Ахмедовпен келісімшартқа қол қойды.
Аслан - Қайрат академияның түлегі, әр жылдары еліміздің кәсіби клубтарында өнер көрсетіп, Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасының сапында халықаралық кездесулерге қатысты.
Жылдамдығымен, еңбекқорлығымен және әмбебаптығымен ерекшеленетін қорғаушы оң қапталда сенімді ойын көрсетумен қатар, жартылай қорғау шебінде де өнер көрсете алады.
Жасы: 21
Бойы: 1,62 м
Позициясы: Қорғаушы
Асланға «Ұлытау» сапында сәтті маусым, жарқын ойын және жаңа белестер тілейміз!