Бақдәулет Зульфикаров - «Ұлытау» сапында!
«Ұлытау» футбол клубы шабуыл шебін Бақдәулет Зульфикаровпен толықтырды.Бақдәулет маусымның алғашқы бөлігін Ақтаудың «Каспий» клубында өткізді. Осы аралықта 13 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Жасы: 25
Бойы: 1,96 м
Позициясы: Шабуылшы
Бақдәулетке «Ұлытау» сапында сәтті ойын, жарқын жеңістер және жанкүйерлердің зор қолдауына бөленуін тілейміз!