«Ұлытау» футбол клубы құрамын испаниялық қорғаушы Давид Кармона Сьеррамен толықтырды.🇪🇸
Давид кәсіби мансабын Испанияның әйгілі «Севилья» клубы жүйесінде бастап, кейін «Кадис», «Расинг» және басқа да клубтардың намысын қорғаған. Ал өткен маусымда Болгарияның «Монтана» клубы сапында өнер көрсетті.
Сондай-ақ ол Испанияның жастар құрамаларында ойнап, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтаған.
Жасы: 29
Бойы: 1,76 м
Позициясы: Қорғаушы
Давидке «Ұлытау» сапында сәтті маусым, жарқын ойын және командамен бірге үлкен жетістіктер тілейміз