"Ұлытау" футбол клубының құрамын украиналық орталық қорғаушы Глеб Бухал толықтырды.
Глебтің халықаралық деңгейде мол тәжірибесі бар. Әр жылдары ол Украина клубтары - "Александрия", "Металлист 1925", "Кривбасс", "Чайка" және "Львов" сапында өнер көрсетті.
Сонымен қатар футболшы Польша клубтары "Рейсовия Жевуш", "Хойничанка", Болгарияның "Хебръ" және Чехияның "Оломоуц" командаларында ойнаған.
Ойыншының соңғы клубы – Арменияның "Ван" командасы.
Жасы: 30 жас
Бойы: 1,90 м
Позициясы: орталық қорғаушы
ФК "Ұлытау" Глебті қошеметпен қарсы алып, команда сапында тұрақты ойын мен табысты маусым тілейді!
Глеб Бухал – "Ұлытау" ойыншысы