«Ұлытау» футбол клубы құрамын шабуылшы Илья Чернякпен толықтырды.
Илья - Беларусь футболының түлегі🇧🇾. Ол кәсіби мансабында солигорлық «Шахтер», загребтік «Динамо», грозныйлық «Ахмат», «Уфа» және бірқатар өзге клубтардың намысын қорғаған. Сондай-ақ футболшы бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп, ақтаулық «Каспий» сапында ойнаған.
Черняктың соңғы клубы Босния және Герцеговинаның «Широки Бриег» командасы болды.
Илья Беларусьтің жастар және ұлттық құрамаларында өнер көрсеткен.
Жасы: 24
Бойы: 1,84 м
Позициясы: Шабуылшы
Ильяға «Ұлытау» сапында сәтті маусым, нәтижелі ойын және командамен бірге үлкен жетістіктер тілейміз!