"Ұлытау" футбол клубы ганалық шабуылшы Дэвид Онане Мартинмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде хабарлайды.
24 жастағы футболшы өткен маусымды Литваның "Джюгас" клубында өткізді. Еуропалық чемпионаттарда тәжірибе жинақтаған ойыншы әр жылдары "Виста" (Ресей), "Фремад" (Дания), "Лиепая" (Латвия) және "Кауно Жальгирис" (Литва) командаларында өнер көрсетті.
Жасы: 24
Бойы: 1,71 м
Позициясы: шабуылшы
ФК "Ұлытау" Дэвидке біздің клубта сәттілік пен жарқын ойындар тілейді!
Қош келдің, Дэвид!