Рақмет, Байжан!
Жартылай қорғаушы Байжан Мәделхан мансабын Жетісай сапында жалғастырады.
Футболшы “Ұлытау” сапына 2025 жылдың басында қосылды. Ол клуб құрамында Қазақстан Премьер-лигасы мен Екінші лига аясында өткен барлық турнирлерде жалпы 7 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды.
Байжанға “Ұлытаудағы” кезеңі үшін алғыс айтамыз және алдағы мансабында жарқын ойын, мықты форма мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Жолың болсын, Байжан!!
Рақмет, Байжан!
