Өткен турдың үздік ойыншыларынан жасақталған символикалық құрамға клубымыздың екі футболшысы енді.
Жапониялық легионер Хироки Харада матчтағы жалғыз әрі жеңіс сыйлаған голдың авторы атанса, орталық қорғаушы Глеб Бухал қорғаныста сенімді ойын өрнегін көрсетіп, команда қорғанының беріктігін дәлелдеді.
Ойыншыларымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы кездесулерде де сәтті ойын мен жарқын жеңістер тілейміз!