Рақмет, Аскат!
Жартылай қорғаушы Аскат Ермекұлы енді мансабын «Жетісай» клубында жалғастырады.
Ол “Ұлытау” сапына 2024 жылы қосылып, Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лига аясындағы кездесулерде алаңға шықты. Жалпы алғанда, 11 ресми ойында клуб намысын қорғады.
Аскатқа бірлескен еңбек үшін алғыс білдіреміз және жаңа клубында толағай табыс, тұрақты ойын және жарқын жетістіктер тілейміз!
Жолың болсын, Аскат!
Рақмет, Аскат!
